№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Астанада «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің онлайн мәжілісі өтті

25.02.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің онлайн мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Бүгін біз ассамблея жастарымен, жастар ұйымдарының және бірлестіктерінің өкілдерімен олардың жұмысындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін кездесіп отырмыз. Қазіргі таңда жастар ұйымы қабылдаған шаралардың тиімділігі мен нәтижелі болуы жастар бастамасын дамытудың өлшеміне айналып отыр. Өткен айда болған оқиғалар жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын, бақуаттылығын арттыру қажет екенін көрсетті», - деді Марат Әзілханов.

Шара барысында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы ҚХА мүшесі Тимур Жұмырбаев баяндады.

«Ассамблея жастары» ұйымының басты мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топтастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау. Қаңтардағы оқиғалар жағдайында жастармен жүйелі жұмыс жүргізу жастар ұйымдарының ғана емес, мемлекеттік органдардың жұмысының да өзегі болып тұр. Бүгінде біз алдымызға жастарға нақты көмек беру жөнінде мақсат қойып отырмыз. Біз жұмысымыз жемісті болу үшін белсенді еңбектенеміз. Бүгінде 17 облыста өкілдігіміз бар. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Уақыт өте келе моноқалаларға, ауылды елді мекендерге шығамыз. Қазір шағын қалаларда жастармен жұмыс жақсы жолға қойылған», - деді Тимур Жұмырбаев.

Шара аясында «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС директорының орынбасары, ҚХА мүшесі Элина Паули жастар арасындағы заманауи тенденциялар мен олардың сұраныстары туралы мәлімет берді.

https://lenta.inform.kz/