№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан суперкубогы қашан басталады

21.02.2022

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан суперкубогының басталу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 19:30-де басталады. Кездесу 2 наурызда елордада «Астана Арена» стадионында өткізіледі.

Жаңа маусымда аталмыш жүлде үшін өткен маусымның чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» сарапқа салады.

Суперкубокты классикалық түрде бір ойынынан өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл биылғы наурыз айында ойындар күнтізбесінің тығыздығына байланысты клубтармен келісім бойынша қабылданды.

Еске салсақ, биыл ел біріншілігі 5 наурызда жалауын көтереді.

Алғашқы турда 5 наурызда «Каспий» (Ақтау) мен «Қызылжар», «Тұран» (Түркістан) мен «Тараз», «Атырау» мен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.

https://lenta.inform.kz/