№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Сүйікті астана суреттері

03.12.2020

Елордадағы MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында Тұңғыш Президент күніне орай, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Ruh.kz ақпараттық порталының ұйымдастыруымен «Сүйікті астана» атты фотокөрме өтуде.

Н.Ә.Назарбаевтың идея­­сы­мен дүниеге келген сүйік­ті астана бүгінде өткен­нің бай мұрасы мен қазір­гі за­ман­ның ең жақсы жетіс­тік­­терін үйлестіре отырып, қар­қынды дамып келе жат­қан Қазақстанның жарқын бей­не­сіне айналды.

Фотокөрмеге әуесқой­лар­мен қоса, кәсіпқой фотографтар да қатысты. Көпшіліктің алдына қойылған жұмыстар байқау арқылы таңдалды. «Сүйікті астана» деп аталатын экспозицияға елордаға деген сүйіспеншілікті көрсететін, ерекше тәсілмен түсірілген үздік кадрлар кірді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әсел Тоқтарова фо­токөрмеден алған әдемі әсерін былайша жеткізді.

«Қазіргі күні ұялы теле­фоннан бастап фотоап­па­ратқа дейін суретке түсі­ру­­дің сан түрлі техникалары бар. Бар­лығы фотосуреттің не екенін ұмытқан. Іс «аваға түсір» деу­­мен ғана шек­те­леді. Атал­мыш фото­бай­қау шы­ғарма­шы­лық­тың ма­ңыз­дылығын бай­қатады. Әл­бет­те, жағым­ды, позитивті эмо­циялар­ды қалаймыз. Біз­дің Нұр-Сұл­тан – әдемі қа­ла. Көрмеге қо­йылған сурет­тер соның айқын дә­лелі. Суреттерден өзгеше әсер алу үшін қаншама зейін, аң­­ға­рымпаздық қажет».

Елорда тарихына үңілгісі келетін кез келген адам көр­меге барып, сүйікті аста­на­мыз­­дағы әсем көшелер мен ас­пан­мен теңескен зәулім ғи­ма­­раттарға бір сәт саяхаттай алады.

https://egemen.kz/