№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Мониторингтік топ жұмысын қорытындылады

30.12.2019

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтік топ жұмысын қорытындылады.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалия Әлімқұлова, «Мектепте дейінгі ұйымдардың қазақстандық ассоциациясы» облыстық филиалының директоры,  мониторингтік топ жетекшісі Наталья Мишукова және  Қазақстан халықтық коммунистік партиясы облыстық филиалының жетекшісі, топ мүшесі Талғат Телеубаев жыл бойы атқарылған жұмысты саралады.

Осы жылы мониторингтік топ мүшелері бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 8 отырыс өткізіп, нәтижесінде тиісті орындарға 18 ұсыныс берген. Топ мүшелері жалпыға міндетті оқу қорының қызметіне мониторинг жүргізіп, білім басқармасына қордан қаражат бөлудің бірыңғай стандарттарын жасау, жалпы білім беретін мектептердің қызметі туралы ақпаратты қамтитын бірыңғай интернет-ресурс әзірлеу, онда ақпараттардың толық орналастырып отыруын қамтамасыз ету, бірегей есеп беру үлгісін әзірлеп, қолжетімді нысанда интернет ресурсқа орналастыру туралы ұсыныс жолдаған болатын. Осыған орай білім басқармасы тарапынан қаржы бөлініп, бірыңғай  интернет-ресурс биылғы қазан айында жұмысын бастады.  

Топ мүшелерінің қатысымен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайы, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы бақылауға алынды. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағытында мониторингтер жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті сала басшыларына ұсыныстар жолданды, оның орындалуы бақылауға алынды, деді Н. Мишукова.

Арнайы мониторингтік топ мүшелері мен «Ақмешіт адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметкерлері бірлесіп, осы жылдың 10-14 тамыз аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен магистратура білім беру бағдарламалары бойынша кешенді тестілеуге  қатысып, мемлекеттік гранттарды бөлу барысында  сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерінің алдын алу шараларын жүргізді.

Алты жүз бір үміткердің 588-і қатысқан тестілеу барысында  437 ұялы телефон алынып, 38 үміткердің тыйым салынған заттарды (ұялы телефон, шпаргалка) қолданғаны анықталып, аудиториядан шығарылды.

«Адал жол» жобасы аясында жүргізілген іс-шаралар барысында поезға билетсіз мінген 41 жолаушы анықталып, көліктік бақылау инспекциясы мамандары жолсеріктерге қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 30 хаттама толтырды.  

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында департамент қызметкерлерімен бірлесе отырып, автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне шықты және анықталған кемшіліктер бойынша арнайы мониторингтің топтың кезекті отырысында сала басшыларына ұсыныстар берілді. Соған сәйкес, қазір 4 учаскені  қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

https://egemen.kz/