Жаңалықтар
Бейнероликтер байқауы
Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвенті ұйымдастыруымен бейнероликтер байқауы өтті.
Марапаттау рәсімі 2 аталым бойынша жүзеге асты. Алғашқысы – «Ең үздік вайн, скетч, пародия, клип, анимациялық бейне, тик-ток» аталымы болса, екіншісі – «Ең жақсы әлеуметтік ролик, бейнеарт, вирустық ролик» аталымы. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша бейнероликтер байқауына 76 өтінім келіп түскен. Қазылар алқасы саралай келе 11 қатысушыны соңғы мәреге өткізді.
Айта кетейік, байқаудың мақсаты – нашақорлықтың төмендеуіне әсер ету және саламатты өмір салтының басымдықтарын қалыптастыру.
Қорытындылай келе, жалпы аталым бойынша бірінші орынға Шерхан Абдиев және Ғұмар Сұлтанбек лайық деп танылды. Екінші орыннан төрт бірдей талапкер көрінді. Атап айтсақ, Алиби Мұқұшев, Алтынай Бапанова, Алима Ахунова, Айдар Науша. Ал тиісінше 3-орынға Арман Серікбай, Алижан Байсапар және Бекен Әлем жайғасты. Бұдан бөлек, Назерке Жукина мен Таншолпан Нысанбек арнайы жүлдемен марапатталды.
Жүлдегерлердің барлығына диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.