№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Тіл үйренуге арналған тегін жобалар

28.05.2021

Халықтың мемлекеттік тілді оқы­ту процесіне қолжетімділігін қам­тамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты коми­тетінің тапсырысы бойынша әзір­ленген келесі порталдар жұмыс істейді.

- «TILQURAL.KZ» – мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен үйренуге арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін меңгеруге ниеттеніп жүрген ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүм­кіндік беретін онлайн-курс бар. Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі. Қосымшаны Android, iOS платформалары арқылы жүк­теуге болады. Сонымен қатар электронды оқулықтарды web-порталдан смартфонға жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.

- «TILMEDIA.KZ» – үштілді сайт орыс және ағылшын тілді азаматтарға  мемлекеттік тілді қызықты және тиімді оқытуға көмектеседі. Тілдерді оқыту әдіс­темесі аудио және бейне мазмұнға негіз­делген. Сайтта латын және араб графикалары қарастырылған.

- «BALATILI.KZ» – сайт үш жастан асқан балалардың тілдік, жазбаша және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сайтта баланың өздік жұмысына арналған жеке парақтар, сондай-ақ мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналарға арналған әдістемелік құралдар бар.

- «АВАІ.INSTITUTE» – Қазақстанда және шетелде қазақ тілін оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзір­ленген веб-портал. Портал Android және iOS платформалары арқылы 6 тілде қол­жетімді.

- «SOYLE.KZ» – онлайн-портал

аудио және бейнематериалдарды пайдалана отырып қазақ тілін оқытудың дәстүрлі әдістемесі. Сайтқа қазақ-орыс тілдерінің сөздігі, грамматика анықтамалығы және тестілер жүктелген. Платформада радио орнатылған, балаларға арналған бөлек бөлім қарастырылған. «Біз сөйлейміз, оқи­мыз, жазамыз, қараймыз» тақырыптары бо­йынша ыңғайлы навигация көзделген.

2018 жылы бағдарламаның ағылшын-латын нұсқасы әзірленді. Сондай-ақ осы жоба аясында «Soyle», «Sozdik» мобильді қосымшалары жұмыс істейді. 2019 жылы Telegram қосымшасында қазақ тілін үйрену үшін телеграмм-бот, «Soyle Talk» сөйлесу клубы құрылып, «Soyle.kz» порталына «Караоке әндері», «Сөзжарыс» ойыны, «Soyle радиосы» тәрізді жаңа бөлімдер қосыл­ды. Бұл платформа Мемлекеттік тілді дамы­ту қоры тарапынан әзірленген.

- «BALA.SOYLE.KZ» – балаларға қазақ тілін үйретуге арналған онлайн-портал.

- «SOYLETUBE» – YouTube әлеуметтік желісінде қазақ тілін үйренуге арналған бейнеканал. Фильмдерді, мультфильмдер мен клиптерді түпнұсқада көру арқылы тіл үйренудің тиімді тәсілдерінің бірі. Өзекті тақырыптар аясында дайындалған қызықты роликтер түрлі санаттағы тыңдаушылардың талғамына жауап бере алады.

- «QAZONLINE» – Жамбыл облысы тілдерді дамыту басқармасы әзірлеген қазақ тілін үйренуге арналған мобильді қосымша.

- «ANA TILI» – Павлодар облысының «Ана тілі» орталығы әзірлеген қазақ тілін үй­ренуге арналған мобильді қосымша.

- «KAZ-TILI.KZ» – Т.Валяеваның автор­лық жобасы. Сайтта кесте түрінде беріл­ген  жаттығулар мен грамматикалық ере­желер қолжетімді. Сондай-ақ қазақ тілін­де оқуға арналған кітаптар мен ер­тегілер де бар. Тілді бейнематериалдар мен қыс­­­қаша орыс-қазақ тілашары арқылы мең­геруге болады.

Сөйлеудің әр бөлігіне арналған бөлімдер, жаттығулар, балаларға арналған грамматика, мақал-мәтелдер, ертегілер, әндер және т.б. бар. Апта сайын оқу материалдары мен әдебиеттер жариялананып тұрады.

- «BAS QOSU» (facebook) – тікелей қарым-қатынас орнату мүмкіндігі бар қазақ тілі клубы. Бұл Бақытжан Бұхар­бай­дың қазақ тілін білу деңгейін едәуір жақ­сартқысы келетін адамдарға арналған жобасы. Топта посттарды қазақ тілінде оқып, талқылауға, аударманы түпнұсқамен са­лыс­­тыруға, өзара диалог құру арқылы жат­тығуға болады.

https://egemen.kz/