№ 12 (180)
желтоқсан, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Дәрілік заттардың жарнамасы препараттың тиімділігімен сәйкес болуы керек

31.03.2021

Дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасында тауарларды тиімді пайдалануға ықпал ететін толық және расталған мәліметтер болуы тиіс. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарнамасын жүзеге асыру қағидалары туралы жаңартылған бұйрығымен бекітілген.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мәліметтеріне сүйенсек, жарнама препараттың фармакологиялық қасиеттері мен емдік көрсеткіштерін және медициналық бұйымдарды қолдану аясын тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы асыра көрсетпеуі керек. Жарнамаланатын дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды басқа тауарлармен салыстыруға болмайды.

Жарнама материалдарының заңнамаға сәйкестігін бағалауды Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы (ДЗСҰО) жүргізеді. Ол үшін құжаттар Ұлттық орталықтың Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығына ұсынылады. Жыл сайын ДЗСҰО жарнама материалдарын бағалау бойынша 600-ден астам қорытынды беріп отырады.

Бұл ретте дәрі-дәрмек жарнамасында саудалық атауы, халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамындағы белсенді компоненттері туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар қолдануға және қарсы көрсетілімдері, жағымсыз әсері, қолдану тәсілі мен дозалары, сатылу шарттары, балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезінде қолдануға қатысты нұсқау болуы тиіс. Сондай-ақ тіркеу куәлігінің нөмірі мен берілген күні, тіркеу мерзімінің өтетін күні, өндірушінің немесе Қазақстандағы сауда өкілінің атауы мен мекенжайы міндетті түрде көрсетіледі.

Медициналық бұйымдардың жарнамасында сауда атауынан басқа, қолданудың негізгі көрсетілімдері, жанама әсерлері мен қарсы көрсетілімдері, өндірушінің немесе Қазақстандағы өкілдің атауы мен мекенжайы, тіркеу куәлігінің нөмірі мен берілген күні және тіркеу мерзімінің өтетін күні көрсетіледі. Міндетті түрде «Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін» ескерту мәтіні болуы тиіс.

Сараптама жасау ұйымы жарнаманы жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда,  өтініш берушіге түзетулер туралы ескерту хаты жіберіледі. Егер хатқа жауап келмесе немесе талап етілетін түзетулер енгізілмесе, жарнамаға қорытынды берілмейді.

https://egemen.kz/