№ 04 (172)
сәуір, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Арқанкерген» шекара бекетінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты МӘЛІМДЕМЕСІ

05.06.2012

Сейсенбі, 5 маусым, 2012

Алматы облысы «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адам қаза болған қайғылы оқиға қазақстандықтардың ешқайсысын да бейжай қалдырмады.

 

Менің тапсырмаммен қазіргі кезде тергеу жүргізілуде. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Мамандар мен комиссия өз қорытындысын жасайтын болады. Біз оқиғаның мән-жайын анықтаймыз, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды табамыз. Сөйтіп, бұл трагедияға айыптылар тиісті жазасын тартатын болады.

Шекарашылар елдің шебін қорғау кезінде, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау қызметінде тұрғанда қаза болды. Олар Қазақстанның бейбітшілігі мен болашағы жолында қыршынынан қиылды.

Менің тапсырмам бойынша Үкімет бұл күндері қаза тапқандардың отбасыларына барынша қолдау көрсетіп, қажетті көмектің бәрін жасауда.

Бұл трагедия қаза тапқандардың отбасылары мен ағайын-туғандарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып отыр.

Сондықтан бір күндік ұлттық қаралы күн жариялаймын.

 

Астана қаласы, Ақорда, 2012 жылғы 4 маусым. 

 

www.egemen.kz