№ 04 (172)
сәуір, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының бұйрығы

04.05.2012

Жұма, 4 мамыр, 2012 

2012 жылғы 3 мамыр №1 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы

Отан қорғаушы күні – 2012 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толады.

Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.

Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің қор­ғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.

Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін көрсетуде.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр.

Қарулы Күштердің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында құрметті ардагерлерді, әске­ри қызметшілерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мемлекетіміздің тарихын­­­дағы осы айтулы күнмен құттықтаймын.

Қазақстанның барлық халқына ашық аспан, өсіп-өркендеу мен бақ-береке, Отаны­мыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 20 жылдығы құрметіне

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына то­лықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламентке енгізсін.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі:

1) еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына алғыс жарияласын және көтермелесін;

2) бұйрықтың мәтінін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамына салтанатты жағдайда жеткізсін;

3) 7 мамырда Астана және Алматы қалаларында мерекелік отшашу жасасын.

 

Қазақстан Республикасының

ПрезидентіҚазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
Жоғарғы Бас Қолбасшысы
Н.НАЗАРБАЕВ.

www.egemen.kz

 

Фото:

www.kazpravda.kz