№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

«9-20-25»: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

23.11.2023

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді. «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй үлестіруде басымдық жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.

«Тұрғындар тарапынан «7-20-25» бағдарламасына кеңінен сұраныс болды. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыруға қаражат керек. Ұлттық банк өзінің лимитін қойған еді. Бұл лимит сұраныс тұрғысынан жеткіліксіз. Ұлттық банк мұндай шектеу қойғаннан кейін Үкімет аясында, сондай-ақ «Отбасы банк» және «Бәйтерек» холдингі бірлесіп қосымша бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Ол - «9-20-25» бағдарламасы»,  деді Премьер-министр.

Әлихан Смайыловтың айтуынша бағдарлама арқылы 8 мың адам немесе отбасын баспанамен қамту мақсаты көзделіп отыр. 

«Қазіргі жағдайда 9 пайыз деген төмен мөлшерлеме саналады. Соны іске асыру үшін тиісті есеп-қисапты жасап отырмыз. Оған жыл сайын 150 млрд теңге керек және 8 мың отбасы немесе адамға осы ипотеканы алуға мүмкіндік беріледі. Ол үшін 100 млрд теңгені нарықтан тартуымыз қажет, ал «Отбасы банк» өзінің таза табысынан 50 млрд теңге бөлуі тиіс. Осы қаражатты қосып, 9 пайыздық ставкаға шығу керек. Бұл бағдарлама негізінен жастарға арналады деп санаймын», деді Әлихан Смайылов. 

Сондай-ақ Премьер-министр «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» бағдарламасының жалғасатынын айтты. Бұл бағдарламалар арқылы соңғы үш жылда 43 мың отбасы баспаналы болған. 

фото: wfin.kz