№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін жартылай финалда кімдер жұдырықтасады?

12.05.2023

Бүгін Қазақстанның бес боксшысы Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалдық кезеңінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Түстен кейінгі сессия А рингінде өтеді және Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Екінші жұпта Санжар Тәшкенбай (48 келі) ресейлік Эдмонд Худоянмен, үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) кубалық Йосвани Вейтиамен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) грузин Лаша Гурулимен кездеседі.

Сағат 19:00-де В рингінде өтетін кешкі сессия басталады.

Жетінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Дев Нишантпен, оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) ресейлік боксшы Имам Хатаевпен жұдырықтасады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.