№ 05 (173)
мамыр, 2024г.

Жарнама агенттігі

Біз жарнама нарығында ұсынылатын қызметтер сапасын үнемі арттырып отырамыз. Жарнама бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істей отырып,  біз – жарнама науқанының ойдағыдай болуының кепілін жарнама көлемінің орынды теңгерімі мен жарнама инновацияларын пайдалану айқындайды деген қорытындыға келдік.

БАСПА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БАҚ-ТАҒЫ ЖАРНАМА

Жаңалықтар

Қазақстанда мақта-мата өндірісі 43,6 пайызға төмендеді

02.02.2023

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта-мата сегментінде 43,6% төмендеу байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша заттай түрде қазақстандық мата өндірісінің көлемі 2022 жылы 11,5 млн шаршы метрді құрады, ал 2021 жылы ол 20,5 млн шаршы метр болған.

Сонымен қатар, кардо және тарақталған мақта өндірісі 10,4%-ға, яғни 48,8 мың тоннаға дейін қысқарды.

«Сондай-ақ, фетр және киіз шығару өндірісі 6,1%-ға (396,7 млн теңгеге дейін) төмендеді» деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.